Бағдарламалық жасақтаманың жаңартуы келесілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді
Құрылғыңыздың мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін, құрылғыңызды әрдайым жаңартып отырыңыз және бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын үнемі тексеріп отырыңыз.

Galaxy On7 Refresh (SM-G611F)


Құрастырылым нөмірі : G611FXXS2CTG3
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2020-08-03
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-07-01
· Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : G611FXXU1CSI1
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2019-12-06
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2019-10-01
· Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

※ Егер құрылғыңыз шифрланған болса, оны жаңартуға дейін шифрсыздандыру керек.

Құрастырылым нөмірі : G611FXXU1CSE2
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2019-06-08
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2019-05-01
Android Pie арқылы One UI жаңарту
One UI сізге қызықты жаңа мүмкіндіктер және толық жаңа интерфейс безендіруі бар Android Pie функциясын Samsung пен Google компаниясынан сіз сияқты пайдаланушылардың пікірлері негізінде ұсынады.
Жаңарту алдында маңызды деректеріңізді қауіпсіз күйінде сақтау үшін, оларды сақтық көшірмелеуге кеңес береміз.
Кейбір қолданбаларды, оның ішінде Калькулятор, Samsung Интернет, Samsung Health, Samsung Notes және Samsung Members, ОЖ жаңартылғаннан кейін жеке жаңарту қажет.
Android Pie құрылғысында Ұялы телефонымды табу қызметінде Қашықтан құлыпты ашу функциясын пайдалану үшін экранды құлыптау құпиясөзін (немесе PIN код/үлгі) сақтық көшірмелеу процесі қажет. Жаңарту процесін бастамас бұрын экранды құлыптау құпиясөзін (немесе PIN код/үлгі) есте сақтағаныңызды тексеріңіз. Егер құпиясөзді ұмытып қалсаңыз (немесе PIN код/үлгі), жаңарту процесін ббастамас бұрын оны қалпына келтіріңіз.

Мұнда жаңалықтар көрсетілген.

One UI
- Орындалатын тапсырмаға аса назар аударуыңыз үшін, мазмұны, параметрлері және басқа ақпарат қайта реттелген.
- Интерактивті элементтер экранның төменгі жағына жылжытылды, сондықтан олар әрдайым қолжетімді.
- Түнгі режим сияқты жаңа дизайндар мен мүмкіндіктер көзіңіздің саулығын сақтауға көмектеседі.

Хабарландырулар
- Хабарларға тікелей хабарландыру тақтасында жауап бере аласыз.
- Сурет нобайлары хабар туралы ескертулерде қосылған.
- Қолданба хабарландыру параметрлерінде санаттағы барлық хабарландыруларды қосу немесе өшіру үшін бір рет түртіңіз.

Параметрлер
- Параметрлерді оңайырақ табу үшін мәзірлер қайта реттелді.
- Кейін қосылған жаңа сипаттама - Түнгі режим, Қаріп өлшемі және стиль - Қалың қаріп

Телефон
- Сіз енді қоңыраулар журналын кіріс және шығыс қоңыраулар бойынша сұрыптай аласыз.
- Қоңырау журналы 2 000 дейін енгізулер қамти алады (500-ден көбейді).

Контактілер
- Жаңа тартпа контактілерді әртүрлі есептік жазбалардан басқаруды жеңілдетеді.

Галерея
- Себет мүмкіндігі Галереяға қосылды, осылайша жойылған фотосуреттерді Себет арқылы қалпына келтіруіңізге болады.
- “Бейнелер”, “Орындар”, “Таңдаулылар” және “Ұсынылған” сияқты мазмұн ауқымына Суреттер немесе Альбомдар қойыншаларында төмен қарай жүргізіп өту арқылы жылдам қатынасуыңызға болады.

Құрастырылым нөмірі : G611FXXU1BRJ2
Android нұсқасы : Oreo(Android 8.0.0)
Шығарылған күні : 2018-11-20
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2018-11-01
Android Oreo операциялық жүйесімен Samsung Experience 9.5 жаңартуы

Samsung Experience қолданбасының 9.5 нұсқасы сізге Samsung және Google компаниялары ұсынған, сіз сияқты пайдаланушылардың кері байланыстарына негізделген қызықты жаңа функциялары бар Android Oreo операциялық жүйесін ұсынады.

Жаңарту кезінде маңызды деректеріңізді қауіпсіз күйінде сақтау мақсатында оларды сақтық көшірмелеуге кеңес береміз.
Операциялық жүйеңізді жаңартпас бұрын кейбір қолданбаларды, оның ішінде Samsung Pay, Samsung Интернет, Samsung Notes және Электрондық пошта қолданбаларын қоса, жеке-жеке жаңарту қажет.

Мұнда жаңалықтар көрсетілген.

Биометриялық деректер
Сіздің қауіпсіздігіңізді жақсарту мақсатында, биометриялық деректерді (саусақ іздері) қолданатын функциялар тек экран құлпының қауіпсіз түрін (үлгі, PIN код немесе құпиясөз) пайдаланған кезіңізде ғана қолжетімді болады. Экран құлпының қауіпсіз емес түріне (жүргізіп өту немесе ешқайсысы) ауыстырған кезіңізде, биометриялық аутентификация Samsung Pay және Samsung Pass сияқты қолданбаларда құлыпты ашу және куәландыру әрекеті үшін уақытша тоқтатылады. Егер қазір биометриялық деректерді экран құлпының қауіпсіз түрінсіз пайдаланып жүрген болсаңыз, онда жаңартудан кейін де жалғастыра аласыз, бірақ экран құлпының қауіпсіз түріне өзгертуге кеңес береміз.

Жылдам тақта
- Әр қолданбаның хабарландыруларын хабарландыру санаттарымен басқарыңыз (тек қолдау көрсетілетін қолданбалар ғана).
- Белгішелер қазір көрінбей тұрған хабарландырулар үшін хабарландыру тақтасының төменгі жағында көрсетіледі.

Басты экран
- Жалпы немесе ұсынылған тапсырмалардың жедел пернелерін қолданбаның ішінде көрсету үшін қолданбаны түртіп ұстап тұрыңыз (тек қолдау көрсетілетін қолданбалар ғана).
- Қолданба белгішелеріндегі хабарландыру белгілері хабарландыру тақтасымен байланыстырылған. Хабарландыруды бір орында тазалаңыз, сонда ол басқа орында да бірге тазаланады.

Samsung Пернетақтасы
- Құралдар тақтасы пайдалы функцияларға жылдам қатынасуға мүмкіндік береді.
- GIF пернетақтасы GIF файлдарын жіберуіңізге мүмкіндік береді.
- Қосымша жоғары контрасты пернетақталар қолжетімді.

Жүйе өнімділігі
- Фондық қызметтер өнімділік пен батареяның жұмыс уақытын жақсарту мақсатында шектелген.
- Қазір іске қосылған қолданбалар әрқашан хабарландыру тақтасында көрсетіледі.

Құлыптау экраны және Always On Display
- Құлыптау экраны мен Always On Display экранына арналған жаңа сағат стильдері.
- Қажетті көріністі алу үшін хабарландырулардың мөлдірлігін реттеңіз.

Smart View
- Басқа экранға айналық көрсету кезінде телефоныңыздың экраны сөніп қалады.

Samsung account
- Көптеген қолданбаларға арналған есептік жазба параметрлері мен профиль ақпаратын басқарыңыз.
- Профиль ақпараты мен есептік жазба параметрлеріне қатынасу үшін, “Параметрлер” мәзірінің негізгі бетінде профиль суретіңізді түртіңіз.

Samsung Cloud
- Тек Samsung Cloud жадында ғана сақталған фотосуреттер мен жазбаларды қараңыз және басқарыңыз.
- Файлдың кез келген түрін Samsung Cloud Drive қалтасында сақтаңыз.
- Сақтық көшірмелерден жойылатын не қалпына келтірілетін арнайы элементтерді таңдаңыз.
- Әрбір сақтық көшірменің қаншалықты үлкен екенін және оның қанша элементті қамтитынын көріңіз.

Samsung Қос хабаршы
- Хабар алмасу қолданбасының екінші көшірмесін орнатыңыз, осылайша сіз бір уақытта екі есептік жазбаны пайдалана аласыз. Есептік жазбаларды телефон нөмірлері арқылы растайтын қолданбалар үшін сізге әр есептік жазбаға басқа телефон нөмірі қажет болады.
- Екінші есептік жазбаны орнату үшін, Басты экранда не Қолданбалар экранында хабар алмасу қолданбасын түртіп ұстап тұрыңыз немесе Параметрлер - Қосымша мүмкіндіктер - Қос хабаршы бөліміне өтіңіз.

Ұялы телефонымды табу
- Телефоныңыз жоғалып қалған кезде Қорғалған қалтаны Samsung Cloud бұлтында қашықтан сақтық көшірмелеңіз.
- Samsung Pass қолданбасын “Ұялы телефонымды табу” қызметі арқылы құлыптаңыз.

Басқа жақсартулар
- Bluetooth функциясы енді жоғары сапалы аудио кодектерге, оның ішінде AAC және Sony LDAC түрлерімен қоса, қолдау көрсетеді.
- Бейне ойнатқыш автоматты қайталау және 2x жылдамдық опциясын қамтиды
- “Диктофон” жазу кезінде қоңырауларды ыңғайлы бұғаттау үшін зерделі кеңестерді береді.
- “Электрондық пошта” қолданбасы сізге Microsoft Exchange ActiveSync электрондық хабарларына жалауша қоюға мүмкіндік береді.
- Samsung Health қолданбасының жаңа жапсырмалы хабарландыруы сізге қадамдарыңыздың санын лезде қарап шығуға мүмкіндік береді.
- “Сағат” функциясы енді Альбомдық режим және таймер дыбысы опцияларын қамтиды.
- Сандық сағат виджетін түрткен кезіңізде, ол сізді “Сағат” қолданбасына тікелей бағыттайды.
- Samsung Pass қызметі пайдаланушы аттары мен құпиясөздерді үшінші тарап қолданбаларында басқару мүмкіндігін қосты.