Бағдарламалық жасақтаманың жаңартуы келесілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді
Құрылғыңыздың мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін, құрылғыңызды әрдайым жаңартып отырыңыз және бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын үнемі тексеріп отырыңыз.

Galaxy Tab Active3 (SM-T575)


Құрастырылым нөмірі : T575XXSFEYI1
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2025-10-27
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2025-10-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Бұл өзгерістер модельге, елге немесе тұтынушы ортасының желі операторына байланысты өзгеруі мүмкін.

Құрастырылым нөмірі : T575XXSEEYG3
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2025-07-28
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2025-07-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Бұл өзгерістер модельге, елге немесе тұтынушы ортасының желі операторына байланысты өзгеруі мүмкін.

Құрастырылым нөмірі : T575XXSDEYC1
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2025-04-28
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2025-04-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXSCEXL1
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2025-01-23
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2025-01-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXSBEXJ3
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2024-10-22
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2024-10-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXSAEXG1
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2024-08-26
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2024-08-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS9EXEA
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2024-05-31
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2024-05-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS8EXA2
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2024-02-29
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2024-02-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS7EWK1
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-11-20
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2023-11-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU6EWH4
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-09-13
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2023-08-01
One UI 5.1.1 жаңартуы



Көп тапсырма

Соңғылар экранындағы қолданбаны жақсырақ алдын ала көруге болады
«Соңғылар» экраны енді қолданбаларды ашқаннан кейін пайда болатындай етіп көрсетеді. Қолданба бөлінген экран, толық экран немесе қалқыма ретінде ашылатынын оңай көруге болады.

Қалқыма көрінісінен бөлінген экранға оңай ауыстыру
Қалқыма терезенің жоғарғы жағындағы тұтқаны басып тұрыңыз, содан кейін қолданбаны экранда көрсетілуі қажет бүйірге апарыңыз.

Экранның шетіне бекітілген қалқыма терезелерді қалпына келтіріңіз
Қолданбаны қалқыма көріністе экранның шетіне сүйреп апарып, оны шетіне қарай жылжытыңыз және оны жолдан аулақ ұстаңыз. Қайтадан қажет болғанда, оны бұрынғы орнына қайтару үшін қалқыма терезенің кез келген жерін түртіңіз.

S Pen көмегімен кішірейтілген қолданбаларды тексеріңіз
Қолданбаны ашқан кезде оның қалай пайда болатынын алдын ала қарауды көру үшін S Pen құрылғысын қалқымалы қолданба белгішесінің үстіне апарыңыз.



Тапсырмалар жолағы

Қосымша соңғы қолданбалар
Енді тапсырмалар жолағында қанша соңғы пайдаланылған қолданбалар көрсетілетінін таңдауға болады (4-ке дейін).



Quick Share

Контактілермен бөлісу
Енді контактілерге файлдарды кез келген уақытта, тіпті олар қасыңызда болмаса да жібере аласыз.

Файлдарды жеке бөлісу
Құпия контентті бөліскенде, оны қорғаңыз. Жіберілген файлдардың жарамдылық мерзімін орнатуға, бөлісуден кез келген уақытта бас тартуға және алушылардың сақтауына немесе қайта бөлісуіне жол бермеуге болады.



Камера және галерея

Су белгілері үшін қосымша күн мен уақыт мәнерлері
Су таңбасының тамаша көрінісін алу үшін көбірек стиль опцияларымен күн мен уақытты бөлек реттеңіз.

Әсерлерді бұдан да оңай қолданыңыз
Галереядағы сүзгі және үн әсерлері енді бір қолмен дәл реттеулерді жеңілдететін жүгірткі орнына теруді пайдаланады.

Көшіру және қою әсерлері
Енді сіз өңдеген бір суреттен екіншісіне сүзгілер мен үндерді көшіріп, қоюға болады.



Қосымша өзгерістер

Екі қолмен сүйретіп апару
Бір қолыңызбен файлдарды, қолданба белгішелерін немесе басқа элементтерді сүйреуді бастаңыз, содан кейін оларды тастағыңыз келетін қалтаға немесе орынға өту үшін екінші қолыңызды пайдаланыңыз. Менің файлдарым және Бастапқы экран бөлімінде қолдау көрсетіледі.

Жадтағы бос орынды сақтаңыз
Ішкі жадта бос орын азайған кезде, Менің файлдарым бөлімінде жадыны талдаған кезде қолданба кэш ақпараты көрсетіледі. Қолданба кэштерін тазалау файлдарды немесе қолданбаларды жоймай-ақ орынды босатуға көмектеседі.

Құрылғы күтімі бөлімінде жақсартылған жад басқару мүмкіндігі
Планшетіңіздегі жадты пайдаланатын қолданбалар туралы қосымша ақпарат берілген, бұл жад тым көп пайдаланылған жағдайда қолданбаларды ұйқы режиміне қою мүмкіндігін береді.

Режимді Құлыптау экранынан өзгертіңіз
Ұйқы режимі, Жүргізу режимі және басқа режимдер арасында тікелепй Құлыптау экранынан өзгертіңіз.

Samsung Интернет қолданбасында орналасуыңызды реттеңіз
Енді тапсырмалар жолағын экранның төменгі жағында көрсетуге болады. Мұны істегенде, қойынды жолағы мен бетбелгілер жолағы да төменгі жағында көрсетіледі.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS5EWE4
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-06-19
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2023-06-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU4EWD1
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-05-12
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2023-03-01
• Тұрақтылық және сенімділік
Құрылғының мінез-құлығы жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU4EWBA
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-03-09
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2023-03-01
One UI 5.1 жаңартуы
One UI 5.1 нұсқасы жаңа «Галерея» мүмкіндіктері, сондай-ақ өнімділік пен жекешелендірудің жақсартулары арқылы планшетіңізді келесі деңгейге көтереді.


Галерея

Тағы қуатты іздеу
Енді «Галерея» қолданбасынан бірнеше адамды немесе тақырыпты бір уақытта іздеуге болады. Тіпті адамдардың аттарын белгілеусіз, жай ғана олардың түрлерін түрту арқылы іздеуге болады.

Жаңартылған ақпараттық дисплей
«Галерея» қолданбасында суретті немесе бейнені көру кезінде жоғары сырғытсаңыз, суреттің қашан және қай жерде түсірілгенін, суретті қай құрылғы түсіргенін, суреттің қайда сақталғанын және т.б. ақпаратты көруге болады. Енді қарапайым орналасуы бар.


Көп тапсырма

Оңай кішірейту немесе толық экранға ауысу
Енді опциялар мәзіріне өтпей-ақ қолданба терезесін кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Бұрыштардың бір бұрышын жай ғана тартыңыз.

Бөлінген экранда жиі пайдаланылатын қолданбаларға қатынасу
Бөлінген экран көрінісін бастағанда, қажет қолданбаларды жылдам табуға көмектесу үшін жиі пайдаланатын қолданбалар жақында пайдаланылған қолданбаларыңыздың астында көрсетіледі.

DeX режимінде көп тапсырманы орындау жақсартылған
Бөлінген экран көрінісінде енді екі терезенің өлшемін өзгерту үшін экранның ортасындағы бөлгішті сүйреуге болады. Сондай-ақ, терезені экранның төрттен бір бөлігін толтыру үшін бұрыштардың біріне қыстырып қоюға болады.


Режимдер мен әдеттегі істер

Режиміңізге негізделген түсқағаздарды өзгерту
Ағымдағы әрекетіңізге негізделген басқа тұсқағазды орнатыңыз. Жұмысқа бір түсқағазды, ал жаттығуға басқасын және тағы солай таңдаңыз.

Әдеттегі істерге арналған тағы әрекеттер
Жаңа әрекеттер Quick Share және жанасу сезгіштігін басқаруға немесе қаріп стилін өзгертуге мүмкіндік береді.


Ауа райы

Пайдалы ақпаратқа жылдам қатынасу
Ауа райы қолданбасының жоғарғы жағында қатты ауа райы туралы дабыл сигналдарын, күнделікті ауа райы туралы қорытындыларды және күннің шығу/бату уақыттарын тексеріңіз. Температура графигі енді температураның тәулік бойы қалай өзгеретінін көрсету үшін түстерді пайдаланады.

Жауын-шашынның сағаттық графигі
Енді сағаттық графикте тәуліктің әртүрлі уақытында түскен жауын-шашынның мөлшері көрсетіледі.

Ауа райы виджетіндегі қорытынды
Ағымдағы ауа райы жағдайларының қысқаша мазмұны енді ауа райы виджетінде күн ашық, бұлтты, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанын білуге мүмкіндік береді.


Samsung Интернет

Шолуды басқа құрылғыда жалғастыру
Бір Galaxy телефонында немесе планшетінде интернетті шолып жатсаңыз және кейінірек сол Samsung account есептік жазбасына кірген басқа Galaxy құрылғысында интернет қолданбасын ашсаңыз, басқа құрылғыда көрген соңғы веб-бетті ашуға мүмкіндік беретін түйме пайда болады.

Жақсартылған іздеу
Іздеулеріңіз енді бетбелгі қалталарының және қойынды топтарының атауларын қамтиды. Жақсартылған іздеу логикасы бірдеңе дұрыс жазылмаса да, іздеген нәрсені табуға мүмкіндік береді.


Қосымша өзгерістер

Құрылғыларыңыздың батарея зарядының деңгейін тексеру
Жаңа «Батарея» виджеті тікелей бастапқы экраннан құрылғыларыңыздың батарея деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Планшетіңіздің, Galaxy Buds, S Pen және басқа қолдау көрсетілетін құрылғылардың батарея деңгейін көруге болады.

Параметрлердің ұсыныстары
Samsung account есептік жазбасына кіріп тұрғанда, Galaxy құрылғыларындағы пайдалану мүмкіндіктеріңізді бөлісу, қосылу және жақсарту үшін «Параметрлер» экранының жоғарғы жағында ұсыныстар көрсетіледі.

Скриншоттар және экран жазбаларын сақтау орнын таңдаңыз
Енді скриншоттар мен экран жазбаларының сақталатын қалтасын өзгертуге болады.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS4EWB2
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-02-24
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2023-02-01
• Қауіпсіздік
Құрылғы жақсартылған қауіпсіздікпен қорғалған.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3EWA2
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2023-01-31
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-11-01
• Тұрақтылық және сенімділік
Құрылғының мінез-құлығы жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3EVK7
Android нұсқасы : T(Android 13)
Шығарылған күні : 2022-12-30
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-11-01
One UI 5 жаңартуы (Android 13)

One UI 5 жаңартуы бұрынғыдан да күшті жекелендіруді беріп, Galaxy құрылғыларында жұмысты жеңілдетеді.


Визуалды дизайн

Жаңа қолданба белгішелері және суреттері
Белгішенің белгілері скандауға ыңғайлы болуы үшін үлкейтілді. Фонның жұқа градиенттері мен жақсартылған контраст жарқын әрі бұрынғыдан да шынайы көрініс береді. Барлық қолданба бірдей болып көрінуі үшін, жаңа анықтама суреттері жасалды.

Бұрын-соңды болмаған біркелкілік
Жаңа анимациялар мен ауысу әсерлері экрандар арасындағы ауысуды бұрынғыдан да шынайы етеді. Анимациялар мен басқа визуалды кері байланыс экранда түрткенде лезде пайда болып, әрекеттесулерді бұрынғыдан да түсінікті етеді. One UI құрылғысында айналдыру мүмкіндігін біркелкі ету үшін айналдыру жылдамдығы да арттырылды.

Жақсартылған бұлынғырлық әсерлері мен түстер
Жылдам тақтадағы, бастапқы экрандағы және бүкіл One UI құрылғысындағы фонның бұлыңғырлық әсерлері анық әрі айқын көрінуі үшін ашығырақ түстермен жақсартылды. Қолданбаның жеңілдетілген түс схемалары басқаға алаңдатпай ағымдағы тапсырмаға назар аударуға көмектеседі.


Реттеу

Құлыптау экранын реттеу
Құлыптау экранын өңдеу үшін жай ғана түртіп тұрыңыз. Бұдан артық не жеңіл? Түсқағазды, саған стилін, хабарландыру параметрлері мен басқа да мүмкіндіктерді тікелей алдын ала қараумен реттеңіз және осының бәрін бір жерден орындауға болады.

Түсқағаздың қосымша таңдаулары
Бастапқы және құлыптау экрандарына мінсіз түсқағазды табу үшін түсқағаз параметрлері дизайны қайта жасалды. Cуреттертердің, бейнелердің, түстердің және сүзгілердің таңдаулары бұрынғадан да көп.

Түс палитрасы үшін қосымша опциялар
Дәл сізге лайықты түстерді табу оңай. Түсқағаздың негізінде 16 түсті тақырыпқа дейін, сондай-ақ мінсіз болып көрінуі үшін жасалған алдын ала орнатылған түсті тақырыптарын таңдаңыз.

Кәм қоңырау шалып жатқанын оңай көру
Кімнің қоңырау шалып жатқанын лезде білу үшін, әрбір контактіге әртүрлі қоңырау фонын орнатыңыз.


Режимдер мен әдеттегі істер

Белсенділігіңіздің негізінде режимдерді таңдаңыз
Жаттығу, жұмыс істеу немесе демалу сияқты істеп жатқан әрекеттеріңіздің негізінде режимді таңдаңыз, содан соң әр жағдайда телефоныңыздың не істеуін қалайтыныңызды таңдаңыз. Мысалы, демалып жатқанда «Мазаламау» режимін қосыңыз немесе көлік жүргізу кезінде музыканы ойнатыңыз.

«Ұйықтау уақыты» режимі енді «Ұйықтау» режимі
Ұйықтау режимі ұйықтайтын уақыт келгенде, қараңғы режимді қосу және дыбыс режимін өзгерту сияқты қосымша әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Алдын ала орнатылған әдеттегі істерді табу оңайырақ
Жеңілдетілген орналасу сізге пайдалы әдеттегі істерді табуды жеңілдетеді.

Әдеттегі істерды жылдам тексеру
Не болып жатқанын түсінуге және қажет болса, өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қазір орындалып жатқан әдеттегі істер енді «Әдеттегі істер» экранының жоғарғы жағында көрсетіледі.

Әдеттегі істерге арналған қосымша әрекеттер мен шарттар
Ұшақ режимін немесе мобильді кіру нүктесін пайдаланып жатқанда әдеттегі істерді автоматты түрде іске қосыңыз. Әдеттегі істер енді қолданба жұптарып ашып, сол/оң жақ дыбыс балансын реттей алады.


Бастапқы экран виджеттері

Бастапқы экрандағы виджеттер қатары
Бастапқы экранда орын үнемдеу үшін, бірдей өлшемдегі бірнеше виджетті бір виджетке топтастырыңыз. Қатар жасау үшін виджетті басқа виджетке жай ғана сүйретіңіз, содан соң виджеттер арасында сырғытып ауысыңыз. Сүйретіп апару арқылы қатарға қосымша виджеттерді кез келген уақытта қосуға болады.


Жалғанған құрылғылар

Жалғанған құрылғыларыңызбен қосымша әрекеттерді орындаңыз
«Жалғанған құрылғылар» мәзірі «Параметрлер» мәзіріне қосылып, «Жылдам бөлісу», «Smart View» және «Samsung DeX» сияқты басқа құрылғылармен жұмыс істейтін мүмкіндіктерге жылдам әрі оңай кіруге мүмкіндік береді.

Теледидарда хабарландыруларды жасыру
Планшеттегі мазмұнды «Smart View» функциясы бар теледидарда көргенде, басқалардың жеке ақпаратыңызды көруін болдырмау үшін теледидарда хабарландыруларды жасыруды таңдай аласыз.

Планшеттегі дыбысты кез келген Chromecast құрылғысында ойнату
Планшеттегі жылдам тақтада «Медиа шығыс» түймесін түрткенде қолжетімді Chromecast құрылғылары пайда болады. Музыканы немесе басқа аудио мазмұнды ойнату қажет құрылғыны жай ғана түртіңіз.


Камера және галерея

«Кәсіби» режимімен анықтама алу
«Анықтама» белгішесі «Кәсіби» және «Кәсіби бейне» режимдерінде пайда болады Әртүрлі объективтерді, опциялар мен бақылау құралдарын пайдалануға қатысты кеңестер мен нұсқаулықты алу үшін белгішені түртіңіз.

Суреттерге су белгілерін қосу
Әрбір суретке сурет түсірілген күні мен уақытын, планшетіңіздің модель атауын немесе басқа реттелетін ақпаратты қамтитын су таңбасын автоматты түрде қосыңыз.

Сүзгілерді оңайырақ таңдау
«Камера», «Фото өңдегіш» және «Бейне өңдегіш» бөлімінде сүзгі таңдау мәзірі жеңілдетілді. Барлық сүзгі бір тізімде болғандықтан, суретіңіз немесе бейнеңіз үшін мінсіз сүзгіні табу оңай.

«Галерея» мәзірінде альбомдарды реттеу
Атауы бірдей альбомдарды біріктіруге және сіз таңдаған адамдардың суреттерін қамтуы үшін автоматты түрде жаңартылатын альбомдарды жасауға болады. Енді ортақ альбомдар басқа альбомдарыңызбен бірге көрсетіледі.

Оқиғалар үшін барлық жаңа көрініс
«Галерея» мәзірінде автоматты түрде жасалған оқиғалар интерактивті слайдшоу көрінісімен жаңартылды. Оқиғаңышлағы суреттер мен бейнелер арасында жылжу үшін жай ғана түртіңіз немесе сырғытыңыз.


Фотосурет және бейне өңдегіш

Кез келген суреттен жапсырма жасау
Галереяңыздағы кез келген суреттен қайта пайдаланылатын жапсырмаларды жасаңыз. Жапсырма ретінде пайдаланғыңыз келетін сурет бөлігін таңдап, контурлардың қалыңдығы мен түсін реттеңіз.

GIF файлдарын өңдеудің қосымша әдістері
Анимацияланған GIF файлдарын дұрыс өлшемге келтіру үшін олардың арақатынасын кесуге және реттеуге болады. Сондай-ақ GIF файлын қажетінше сәндеу үшін фотосуреттерге арналған бірдей өңдеу мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

Кітаптық режим әсерлерін өңдеуден кейінде сақтау
Кітаптық режимнің әсерлері енді сүзгілерді қиғаннан немесе өзгерткеннен кейін де сақталады, осылайша сіз кез келген уақытта фон бұлыңғырлығын реттей аласыз.

Суреттер мен бейнелерде тамаша пішіндерді сызу
Шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш немесе жүрек сияқты кескінді салу үшін қалам құралын пайдаланыңыз. Сурет салуды аяқтаған кезде оны түзу сызықтар мен тамаша бұрыштарға бірден өзгерту үшін саусағыңызды экранда ұстаңыз.

Фотосуреттер мен бейнелерге арналған жаңа жапсырмалар
Суреттер мен бейнелеріңізді сәндеу үшін 60 жаңа алдын ала жүктелген эмодзи жапсырмалары қолжетімді.


Samsung DeX

Samsung DeX жүйесіндегі жақсартылған тапсырмалар жолағы
Пайдаланғыңыз келетін қолданбаларды табуды жеңілдету үшін іздеу түймесі қосылды және қолданба ішіндегі тапсырмаларға жылдам кіру үшін белгілі бір қолданбаларды тінтуірдің оң жағымен басуға болады. Сондай-ақ тапсырмалар жолағнда көрсетілуі қажет түймелерді реттеуге болады.

DeX құрылғысындағы жаңа хабарландыру индикаторы
Хабарландыру тақтасын соңғы рет ашқаннан бері кез келген жаңа хабарландырулар алынған болса, тапсырмалар жолағындағы хабарландыру түймесінде қызыл нүкте пайда болады.

DeX құрылғысындағы шағын күнтізбе
Тапсырмалар жолағындағы күнді басу енді толық күнтізбе қолданбасын ашпай-ақ кестеңізді жылдам тексеруге мүмкіндік беретін шағын күнтізбені ашады.


Хабарландырулар

Өзіңіз рұқсат еткен хабарландыруларды ғана алыңыз
Қолданбаны бірінші рет пайдаланған кезде сізден одан хабарландырулар алғыңыз келетін-келмейтіні туралы сұралады. Сізді алаңдатуын қаламайтын қолданбаларға «жоқ» деп айтудан тартынбаңыз.

Қолданба хабарландыруларын басқару элементтеріне кіру оңайырақ
Қолданба сізге тым көп хабарландыру жіберіп жатыр ма? Қолданбаның хабарландыру басқару элементтерін жоғарғы жағында орналастырып, қайта ұйымдастырылған хабарландыру параметрлері арқылы оны бұғаттау бұрынғыдан оңайырақ. Сондай-ақ хабарландыру тақтасының төменгі жағындағы түйме арқылы қолданба хабарландыру параметрлеріне тікелей өтуге болады.

Қолданбалар жібере алатын хабарландырулардың түрлерін таңдау
Қолданбалардың құлыптау экранында қалқымалы хабарландыруларды, қолданба белгішесінің белгілерін және хабарландыруларды көрсете алатынын бөлек басқара аласыз. Барлық, кейбір түрлерге рұқсат етіңіз немесе ешқайсысына рұқсат етпеңіз. Өзіңіз шешесіз.

Хабарландыруларға арналған жаңа орналасу
Қолданба белгішелері үлкенірек, бұл хабарландыруды қай қолданба жібергенін көруді жеңілдетеді. Хабарландыруларды оқуды жеңілдету үшін мәтінді туралау да жақсартылды.


Параметрлер

Әрбір қолданбаға тілді орнату
Кейбір қолданбаларды бір тілде және басқа қолданбаларды басқа тілде пайдаланғыңыз келе ме? Енді «Параметрлер» бөлімінен әрбір қолданба үшін пайдаланылатын тілді таңдауға болады.

Мазаламау үшін ерекше жағдайларды орнату
Енді жеке контактілерді «Мазаламау» режиміне ерекше жағдай ретінде орнатуға болады. Сіз таңдаған адамдар сізге қоңырау шалып, хабарлар жібергенде, тіпті «Мазаламау» режимі қосулы болса да, телефоныңыз шырылдайды немесе дірілдейді. Қолданбаларды ерекше жағдайлар ретінде орнату оңайырақ, сондықтан «Мазаламау» режимі қосулы болса да, олардан хабарландыру қоңыраулары алынады. Жаңа тордан рұқсат бергіңіз келетін қолданбаларды жай ғана таңдаңыз.

Жақсартылған дыбыс және діріл параметрлері
Қажетті дыбыс және діріл опцияларын табуды жеңілдету үшін мәзірлер қайта ұйымдастырылды. Бір жерде қоңырау үнін орнатыңыз және дыбыс деңгейі мен діріл параметрлерін өзгертіңіз.

RAM Plus үшін қосымша опциялар
Егер қажет болмаса немесе жадтағы бос орнын пайдаланғыңыз келмесе, RAM Plus құрылғысын енді «Құрылғы күтімі» бөлімінен толық өшіруге болады.

Автоматты оңтайландыру
Құрылғы күтімі фондық режимде оңтайландыруларды автоматты түрде орындау арқылы планшетіңіздің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Планшетті ең жақсы күйде ұстау үшін қажет кезде планшетті автоматты түрде қайта іске қосуды орнатуға болады.


Қауіпсіздік және құпиялылық

Планшеттің қауіпсіздік күйін лезде тексеру
«Параметрлер» бөліміндегі жаңа «Қауіпсіздік» құралдар тақтасы телефоныңызда қауіпсіздік мәселелерінің бар-жоғын көрсетеді және оларды жылдам шешуге көмектеседі.

Веб-сайттарға арналған қауіпсіздік және құпиялылық ақпараты
Веб-сайттың қауіпсіздік күйін көрсету үшін Samsung Интернет жүйесіндегі мекенжай жолағында белгіше пайда болады. Веб-сайт жинайтын және бақылайтын ақпарат туралы қосымша ақпарат алу үшін белгішені түртіңіз.
Техника-қ қызмет көрсету режимі
Планшетіңізді басқа біреу пайдаланғанда, мысалы, жөндеуге жібергенде, құпиялылығыңызды қорғаңыз.


Арнайы мүмкіндіктер

Жылдам тақтадағы қосымша арнайы мүмкіндіктер опциялар
Жеңіл қатынасу үшін жылдам тақтаға жоғары контрастты шрифтті және түсті инверсияны қосуға болады.

Қосымша ауызша көмек
Экранды анық көрмесеңіз де, планшетті пайдалану бойынша анықтама алу үшін дауыстық кері байланыстың әртүрлі түрлерінен таңдаңыз. Дұрыс әріпті тергеніңізге сенімді болу үшін планшетті пернетақтадан енгізуді оқуға мүмкіндік береді және бейнеде не болып жатқанын түсіндіретін аудио сипаттамаларын қосыңыз (тек қолдау көрсетілетін құрылғылар үшін) бейнелер).

« Қол жетімділік» түймесін оңай өңдеу
Түймені пайдаланып қол жеткізуге болатын мүмкіндіктерді жылдам өзгерту үшін «Қол жетімділік» түймесін басып тұрыңыз.

Бұрыштық әрекеттер үшін қолжетімді жаңа әрекеттер
Тінтуірді немесе сенсорлық тақтаны пайдалансаңыз, тінтуір көрсеткішін экранның 4 бұрышының біріне жылжытқанда жаңа әрекеттер қолжетімді болады. Енді басып тұруға, сүйреуге немесе сүйретіп апаруға болады.


Қосымша өзгерістер

Бірнеше таймерді бірден пайдалану
«Сағат» қолданбасында таймер іске қосылып тұрғанда да, жаңа таймерді бастауға болады.

Эмодзи жұптары үшін жаңа эмодзилер қолжетімді
Samsung пернетақтасында эмодзи жұбын жасау үшін 80-нен астам қосымша эмодзи қолжетімді. Енді бет әлпеттеріне қосымша жануарларға, тағамға және басқа да нысандарға негізделген эмодзилерді біріктіруге болады. Сезімдеріңізді жеткізу үшін тамаша комбинацияны таңдаңыз.

Күнтізбе оқиғасына шақырылғандарды көбірек бақылау
«Samsung күнтізбе» қолданбасындағы Google күнтізбесіне іс-шара қосқанда, шақырылғандарға оқиғаға тағы кім шақырылғанын көруге рұқсат етілетінін немесе басқа адамдарды шақыра алатынын таңдауға болады.

Іс-шараларыңызға бейне конференцияларын қосу
«Samsung күнтізбе» қолданбасында Google күнтізбе іс-шарасын жасағанда, бір уақытта бейне конференцияны орнатуға болады. Іс-шараға шақырылғандардың барлығы бейне конференцияға сілтеме алады.

Google күнтізбесіне жапсырмалар қосу
«Samsung күнтізбе» қолданбасында Google күнтізбесінің іс-шараларына жапсырмалар қосып, оларды бір қарағанда оңай көруге болады. Жапсырмалар күнтізбе және күн тәртібі көріністерінде көрсетіледі.

Бүгін орындау қажет еске салғыштардан хабардар болыңыз
Жаңа «Бүгін» санатында тек бүгін болатын еске салғыштар көрсетіледі. Сондай-ақ «Еске салғыш» қолданбасында негізгі экранның жоғарғы жағында бүгін болатын еске салғыштарды тексеруге болады.

Аяқталған еске салғыштарды көрсету және жасыру
Аяқталған еске салғыштарды кез келген санатта көрсетуге немесе жасыруға болады. Орындалғанды көру үшін көрсетіңіз немесе әлі де аяқтауыңыз керек нәрселерге назар аудару үшін жасырыңыз.

Бетбелгілерді қалталар арасында сүйретіп апару
«Samsung интернет» қолданбасының бетбелгілерін қалталар арасында сүйретіп апару арқылы реттеңіз.

«Файлдарым» бөлімінде жақсартылған іздеу мүмкіндігі
Барлық файлды немесе ағымдағы қалтадағы файлдарды ғана іздеуді таңдаңыз. Тек файл атауларын немесе құжаттардағы мәтін немесе кескіндердегі геодеректер туралы ақпарат сияқты файлдардың ішінде ақпаратты іздеуді таңдауға болады. Іздеу аяқталғанда, нәтижелерді атауы, күні, өлшемі немесе файл түрі бойынша сұрыптауға болады.

Қайта жобаланған Сандық Ахуалы
Жаңа құралдар тақтасында нақтырақ пайдалану мәліметтері беріледі және қолданба таймерлері мен экран уақыты есептері сияқты қажет мүмкіндіктерге қатынасуды жеңілдетеді.

Төтенше жағдайда анықтама алу
Сөйлесе алмасаңыз да, жедел қызметтерге қоңырау шалу үшін бүйірлік пернені 5 рет жылдам басыңыз.

Қолданбалардың қырлы тақтасында қолданба атауларын көрсету
Қолданба белгішелерінің астында қолданба атаулары көрсетілуі үшін «Қолданба атауларын көрсету» функциясын қосыңыз.


One UI 5 жаңартуынан кейін кейбір қолданбаларды бөлек жаңарту қажет болады.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS3DVK2
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-12-02
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-11-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3DVIB
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-10-24
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-08-01
One UI 4.1.1 жаңартуы


Көп тапсырма

Қолданбалар арасында жылдам ауысу
Тапсырмалар тақтасы енді қолданбалар арасында жылдамырақ навигация үшін экранның төменгі жағында пайда болады.

Қолданбаларды бөлінген экранда немесе қалқыма терезеде жылдам ашу
Қолданбаларды өзіңіздің ыңғайыңызға қарай ашу үшін оларды тапсырмалар тақтасынан немесе «Соңғылар» экранынан сүйреңіз. Бөлінген экранда ашу үшін экранның жоғарғы, төменгі, сол немесе оң жиегіне сүйреңіз. Қалқыма терезеде ашу үшін экранның ортасына сүйреңіз.

Қолданба жұптарын жылдам ашу
Жиі пайдаланылатын қолданбаларды жұптастырып, содан соң оларды бастапқы экранға немесе тапсырмалар тақтасына қосып, оларды бір түрту арқылы бөлінген экранда ашуға болады.

Қалқыма көрінісінен бөлінген экранға оңай ауыстыру
Қолданбаны қалқыма көрінісінде пайдаланып жатқанда, терезе көрсеткішінің ішіндегі бөлінген экранды жай ғана түртіңіз. Бірге ашылатын екінші қолданбаны таңдай аласыз.

Қимылмен көріністі өзгерту
Экранның сол жағынан, оң жағынан немесе төменгі жағынан ішіне қарай сырғыту арқылы толық экраннан бөлінген экран көрінісіне ауыстырыңыз. Экранның жоғарғы жағындағы кез келген бұрышынан бір саусақпен ішіне қарай сырғыту арқылы толық экраннан қалқыма көрініске ауыстырыңыз. «Параметрлер» бөлімінде қимылдарды қосуға немесе өшіруге болады.

Қолданбалардың қырлы тақтасында қолданба атауларын көрсету
Қолданба белгішелерінің астында қолданба атаулары көрсетілуі үшін «Қолданба атауларын көрсету» функциясын қосыңыз.


Жаңа қоңырау шалу опциялары

Кәм қоңырау шалып жатқанын оңай көру
Кімнің қоңырау шалып жатқанын лезде білу үшін, әрбір контактіге әртүрлі қоңырау фонын орнатыңыз.

Google Meet арқылы бейне қоңыраулар
Google Duo қызметі Google Meet қызметімен біріктірілген. Енді Google Meet қызметі арқылы 1:1 бейне қоңырауларын, сондай-ақ топтық бейне конференцияларды бір орынға біріктіруге болады.


Samsung пернетақтасымен өзіңізді ерекшелеу

Өрнек түймелерінің орнын ауыстыру
Эмодзиді, жапсырманы және басқа түймелерді түртіп тұрып, орнын ауыстырыңыз.

Каомодзиді тікелей пернетақтадан енгізу
Чаттарыңыз бен мәтіндеріңізді пернетақтадағы таңбалар арқылы жасалған алдын ала орнатылған жапондық стильдегі бет әлпеттерімен сәндеңіз. (*^.^*)


Қосымша жақсартулар

«Файлдарым» бөлімінде жақсартылған іздеу мүмкіндігі
Барлық файлды немесе ағымдағы қалтадағы файлдарды ғана іздеуді таңдаңыз. Тек файл атауларын немесе құжаттардағы мәтін немесе кескіндердегі геодеректер туралы ақпарат сияқты файлдардың ішінде ақпаратты іздеуді таңдауға болады. Іздеу аяқталғанда, нәтижелерді атауы, күні, өлшемі немесе файл түрі бойынша сұрыптауға болады.

Экранды құлыптау түсқағазының жинағын өңдеу
Экранды құлыптау түсқағазына пайдаланылатын кескіндердің тобын таңдаудан кейін, кескіндерді кейінірек оңай қосуға немесе алып тастауға болады.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3CVH1
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-08-12
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-06-01
• GPS
Тұрақтылық жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3CVF2
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-07-09
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-06-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS3CVF1
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-06-29
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-06-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3CVE1
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-05-23
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-03-01
• Құрылғыңыздың жалпы тұрақтылығы жақсарды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3CVD1
Android нұсқасы : S(Android 12)
Шығарылған күні : 2022-05-03
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-03-01
One UI 4.1 жаңартуы (Android 12)
One UI 4.1 сізге Galaxy құрылғыларының жаңа мүмкіндіктері мен жақсартуларының кең ауқымын ұсынады. Бұрынғыдан интуитивтірек, көңілдірек, қауіпсіздеу және оңайырақ.
Түс палитрасы
Түсқағазға негізделген бірегей түстер арқылы планшетіңізді реттеңіз.
Құпиялылық
Бір қарап көруге болатын рұқсат туралы ақпарат
Әр қолданба «Рұқсаттар қолданысы» бөлімінде «Геодеректер», «Камера» немесе «Микрофон» сияқты маңызды рұқсаттарға қатынасқан кезде көріңіз.
Камера мен микрофон индикаторлары
Кез келген қолданба камераны немесе микрофонды пайдаланып жатқанда экранның жоғарғы оң жақ бұрышында жасыл нүкте пайда болады.
Samsung пернетақтасы
GIF файлдарына, эмодзилерге және жапсырмаларға жылдам қатынасу
Бір түйме арқылы эмодзилерге, GIF файлдарына және жапсырмаларға тікелей пернетақтадан қол жеткізіңіз.
Анимациялық эмодзи жұптары
Сезімдеріңізді білдіру үшін екі эмодзиді біріктіріңіз, содан кейін анимация қосыңыз.
Жазушы көмекшісі
Grammarly (тек ағылшын) платформасы арқылы жұмыс істейтін жаңа «Жазушы көмекшісі» арқылы грамматика мен емлені сақтаңыз.
Бастапқы экран
Жаңа виджет дизайны
Виджеттердің дизайны бұрынғыдан да жақсырақ көрінуі үшін қайта жасалды: бір қарап-ақ оңай көруге болатын ақпарат пен біркелкірек стиль.
Виджетті таңдау оңайырақ
Әр қолданбада не қолжетімді екенін көру үшін виджеттер тізімінде айналдыруға болады. Сондай-ақ сынап көру үшін пайдалы виджеттер туралы ұсыныстар аласыз.
Экранды құлыптау
Қалаған жерде тыңдаңыз
Аудио шығысты құлақтықтардан динамиктерге, планшетке ауыстырыңыз және мұның барлығын құлыптау экранынан істеуге болады.
Диктофон
Планшеттің құлпын ашпай, дауыстық жазба жазыңыз.
Күнтізбе мен кестені бірден көріңіз
Құлыптау экранында бүгінгі кестені әрі айдың қалған бөлігіне арналған күнтізбені қараңыз.
Камера
Фотосуретті тазалау құралы режимі
Көріністі оңтайландыру түймесі «Фотосурет» режимінде жарық аз болса немесе құжатты сканерлеп жатқанда ғана пайда болады.
Масштабты тазалау құралының деңгейлері
Объектив белгішелері ұлғайту деңгейін көрсетеді, осылайша сіз қаншалықты үлкейтілгенін білесіз.
Жылдам бейнелер түсіру
«Фото» режимінде қысқа бейнені жазуды бастау үшін «Ысырма» түймесін түртіп, ұстап тұруға болады, содан кейін «Ысырма» түймесін ұстап тұрмай жазуды жалғастыру үшін саусағыңызды «Құлыптау» белгішесіне сүйреңіз.
Галерея
Жақсартылған оқиғалар
Әрбір оқиғаның жоғарға жағында алдын ала қарауды түрту арқылы автоматты түрде жасалған үздік бейнелерді көріңіз. Сондай-ақ жаңа «Карта» көрінісінде оқиғаларыңыздағы суреттер қай жерде түсірілгенін зерттеуге болады.
Альбомдар оңайырақ болды
Құрамындағы суреттер мен бейнелерге сәйкес альбомдарды сұрыптаңыз. Альбомды көргенде, мұқаба кескінді экранның жоғарғы жақында да көрсетіледі.
Ақпаратты көбірек басқару
Түзету немесе құпия ұстау үшін суреттердің күнін, уақытын және геодеректерін өзгертіңіз немесе жойыңыз.
Фотосурет және бейне өңдегіш
Эмодзилер мен жапсырмалар
Ұялшақ досыңыздың бетін жабу үшін эмодзиді пайдаланыңыз немесе қызықты суреттер мен бейнелер жасау үшін жапсырмалар қосыңыз.
Бейне коллаждар
Суреттер, бейнелер немесе екеуінің тіркесімін қамтитын қозғалмалы коллаждар жасаңыз.
Түпнұсқаны ешқашан жоғалтпаңыз
Енді сіз суреттер мен бейнелерді сақталғаннан кейін бастапқы нұсқаларына қайтара аласыз немесе түпнұсқалық және өңделген нұсқаларды сақтау үшін оларды көшірмелер ретінде сақтай аласыз.
Бөлісу
Қосымша реттеу
Ретсіздікті болдырмау және тек жүйелі түрде пайдаланатын қолданбаларға фокусталу үшін мазмұнды бөліскенде көрінетін қолданбалардың тізімін реттеңіз.
Оңайырақ навигация
Бөлісу кезінде қолданбалар мен контактілер арасында айналдыру үшін солға немесе оңға қарай жанап өтіңіз.
Күнтізбе
Оқиғаларды жылдам қосу
Күнтізбеге бірдеңені тез арада қосу керек пе? Тақырыпты енгізсеңіз болғаны, бұл аяқталады.
Жойылған оқиғаларды қалпына келтіру
Жойған оқиғалар себетте 30 күн сақталады.
Басқалармен бөлісу
Күнтізбелеріңізді басқа Galaxy пайдаланушыларымен бөлісу енді оңайырақ.
Samsung Интернет
Бастапқы экраннан іздеу
Жаңа іздеу виджеті тікелей бастапқы экраннан іздегеніңізді табуға көмектеседі.
«Құпия» режимде бастау
Соңғы шолу сеансында «Құпия» режимді пайдаланған болсаңыз, Samsung Интернет «Құпия» режимінде автоматты түрде іске қосылады.
Құрылғы күтімі
Бір қарап көруге болатын батарея мен қауіпсіздік
Батарея мен қауіпсіздік мәселелері тікелей негізгі экранда көрінеді, осылайша сіз мәселелерді тез шеше аласыз.
Планшеттің жалпы күйін түсіну
Планшеттің жалпы күйі эмодзи түрінде көрсетіледі, осылайша сіз бірден түсіне аласыз.
Диагностикалық тексерулер
«Құрылғы күтімі» бөлімінен «Samsung Members диагностикасы» тармағына қатынасу Диагностикалық сынақтарды қолданып, мәселенің не екенін біліңіз және оны шешу туралы ұсыныстар алыңыз.
Арнайы мүмкіндіктер
Қажет кезде әрқашан бар
Әрқашан қолжетімді қалқымалы түйме арқылы арнайы мүмкіндіктерге тезірек қатынасыңыз.
Тінтуір қимылдары
Тінтуір меңзерін экранның 4 бұрышының біріне жылжыту арқылы әрекеттерді тезірек орындаңыз.
Экранды бірден реттеңіз
Реттелетін дисплей режимі арқылы контраст пен өлшемді бір уақытта реттеңіз («Жоғары контраст» немесе «Үлкен дисплей»).
Көз жайлылығы
Көз жайлылығыңызды сақтау үшін, мөлдірлікті немесе бұлынғырлықты азайтуға болады.
Қосымша мүмкіндіктер мен жақсартулар
Жақсартылған қараңғы режим
Қараңғы режим енді түсқағаздар мен белгішелерді автоматты түрде күңгірттейді. Samsung apps суреттерінде енді қараңғылау түстердегі «Қараңғы режим» нұсқалары бар.
Қауіпсіздік және төтенше жағдай мәзірі
«Параметрлер» бөліміндегі «Қауіпсіздік және төтенше жағдай» мәзірі төтенше жағдайдағы контактілер мен қауіпсіздік ақпаратын бір жерде басқаруға мүмкіндік береді.
Көзіңізді жолда ұстаңыз
«Сандық ахуалы» бөліміндегі жаңа «Жүргізуші мониторы» көлік жүргізу кезінде телефоныңызды пайдаланғаныңызды бақылайды.
Дабылды тек бір рет өткізіп жіберу
Дабылды бір күнге де өшіруге болады. Ол өткізіп жіберілгеннен кейін автоматты түрде қайта қосылады.
Мәтіндік хабарлардан қоңырауларға ауысу
Мәліметтерін көру немесе дауыстық не бейне қоңырау шалу үшін сөйлесудің жоғарғы жағындағы адамның атын түртіңіз.
Жұмыс үстелінің толығырақ тәжірибесі
Samsung DeX режимінде қосымша қолданбалардың өлшемін өзгертуге болады. Сондай-ақ DeX параметрлерінде сенсорлық тақтаның айналдыру бағытын өзгертуге болады.
One UI 4.1 жаңартуынан кейін кейбір қолданбаларды бөлек жаңарту қажет болады.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BVB1
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2022-03-10
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-02-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BUL3
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2022-01-10
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-12-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BUJ1
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-11-04
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-10-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BUI8
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-10-08
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-10-01
• Келесі қолданбалардың немесе мүмкіндіктердің пайдалану ыңғайлылығы жақсарды: Көп терезе, Қырлы тақта
• Келесі қолданбалар немесе мүмкіндіктер қосылды: Зертх

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BUG1
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-08-06
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-07-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BUF1
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-06-23
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-06-01
• Жақсартылған жылдам бөлісу
- «Жылдам бөлісу» функциясы арқылы Galaxy құрылғылары арасында файлды бөлісуді жақсартыңыз.
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU3BUD5
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-04-30
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-03-01
One UI 3.1 жаңартуы (Android 11)
One UI 3.1 құрылғысы маңызды нәрсеге көңіл бөлуге көмектесу үшін жасалған. Біздің визуалды редизайн алаңдататын факторларды азайту, маңызды ақпаратты бөлектеу және тәжірибеңізді біркелкі ету үшін, бастапқы экран және жылдам тақта сияқты жиі кіретін орындарды жақсарттық. Өнімділіктің жақсартулары батарея қуатын аз жұмсап, қолданбаларға жылдамырақ жұмыс істеуге көмектеседі. Сондай‑ақ, One UI 3.1 құрылғысы жаңа құпиялылықты басқару құралдары, бір реттік рұқсаттар мен жақсартылған Сандық Ахуалы функциясы арқылы басқару мүмкіндігін береді.

Өзгертулердің толық тізімін көру үшін төмен айналдырыңыз.

Визуалды дизайн
Біз One UI 3.1 құрылғысының сыртқы көрінісін көптеген әдіспен, үлкен және кіші, жаңа, көбірек сәйкестендірілген белгішелерден бастап, жылдам тақта мен хабарландырулардың жинақы ұйымдастырылуына дейін жаңарттық. Жалпы әрекеттестіктерге арналған жақсартылған анимациялармен және жанасу кері байланысымен қозғалыс бұрынғыдан да бірқалыпты және шынайы. Телефон, бүктелетін планшет немесе планшет сияқты кез келген құрылғыда жұмыс істеу ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін интерфейс әртүрлі экран өлшемдеріне икемделеді.

Жақсартылған өнімділік
Біз One UI 3.1 құрылғысын жақсартылған динамикалық жад үлестіруімен оңтайландырдық, сондықтан қолданбалар жылдамырақ және жақсырақ жұмыс істейді. Сондай‑ақ, өнімділік пен қуатты пайдалануды жақсарту үшін фондық әрекеттерді шектедік.

Үздік реттеу
• Динамикалық құлыптау экранына жаңа кескін санаттары қосылды және 5 санатқа дейін таңдауға болады.
• Пайдалану уақытын тексеру үшін құлыптау экранында виджетті қосуға болады.
• Тұсқағазды орнатқанда интерактивті алдын ала көру мүмкіндігін алыңыз.
• Құлыптау экранын реттеу жеңілдеді.
• Қоңырау шалғанда немесе қабылдағанда, суретті немесе бейнені көру үшін қоңырау фонын қосыңыз.
• Samsung Интернет браузерінде жиекбелгілердің ретін өзгертіп құлыптауға болады.
• Bixby Routines қызметінде өміріңізді автоматтандыруға көмектесетін қосымша басқару құралдары бар.
• Жаңа белгішелер мен құлыптау экранының виджеттері әдеттегі істерді тауып, басқаруды жеңілдетеді.
• Сандық Ахуалы функциясын бөлек жеке және жұмыс профильдерімен пайдаланыңыз.

Жақсартылған мүмкіндіктер
Бастапқы экран және құлыптау экраны
• Бастапқы экрандағы қолданбаны түртіп тұру арқылы виджеттерді қосыңыз.
• Бастапқы немесе құлыптау экранындағы бос орынды екі рет түрту арқылы экранды өшіріңіз. (Оны Параметрлер > Қосымша мүмкіндіктер > Қозғалыстар мен қимылдар тармағында реттеңіз.)
• Құлыптау экранында күнтізбе, ауа арайы және музыка сияқты виджеттерді көру үшін сағат аймағын түртіңіз.

Қоңыраулар және чаттар
• Хабарландыру тақтасында сөйлесулерді бөлек көріңіз. Хабарлар және таңдаулы чат қолданбаларымен бірге жұмыс істейді.
• Контактілерде бірдей есептік жазбада сақталған қайталанатын контактілерді оңай жойыңыз. Жойылған контактілерге арналған сақтау мерзімі 15 күннен 30 күнге ұзартылды.
• Бір экраннан бірнеше байланысқан контактіні өңдеу мүмкіндігі қосылды.
• Хабарлар қолданбасына қоқыс себеті қосылған, сондықтан соңғы жойылған хабарлар 30 күн сақталады.

Суреттер және бейнелер
• Жақсартылған автоматты фокус пен автоматты экспозиция арқылы суреттерді жылдамырақ түсіріңіз.
• Галереядан суреттерді және бейнелерді оңайырақ көріңіз, өңдеңіз және бөлісіңіз.
• Галереяда суреттер мен бейнелерді жаңа іздеу мүмкіндіктері мен санаттары арқылы жылдамырақ табыңыз.
• Өңделген суреттер сақталса да, оларды өздерінің бастапқы нұсқаларына кез келген уақытта қайтарыңыз, сондықтан суреттерді ешқашан жоғалтпайсыз.

Параметрлер
• Параметрлерде жаңа қарапайымдырақ сыртқы көрінісі бар. Samsung есептік жазбаңыз жоғары жақта көрсетілген және бастапқы экранға енді кіру оңайырақ.
• Жаңа іздеу мүмкіндіктері арқылы қажетті параметрлерді оңайырақ табыңыз. Синонимдер мен жалпы емле қателерінің жақсырақ нәтижелерін алып, тиісті параметрлердің топтарын көру үшін тегтерді түртуге болады.
• Ең жиі пайдаланылатын мүмкіндіктерді ғана қамтамасыз ету үшін жылдам параметрлер түймелері кішірейтілді. Сондай‑ақ, реттелген жылдам тақтаңызды жасау үшін түймелерді қосуға болады.

Samsung пернетақтасы
• Енгізу тілдерінің саны 370‑ке деңйін арттырылды.
• Мәтін хабарларынан көшірмеленген кескіндер мен тексеру кодтарын қою жеңілдетілді.
Мәтінге негізделген смайликті енгізгенде эмодзи мен жапсырма ұсыныстары қосылды.
• Жиі пайдаланылатын параметрлерге кіруді жеңілдету үшін пернетақта параметрлері өзгертілді.

Өнімділік
Қайталанатын және күрделі тапсырмаларды барынша азайту және оларды тиімді пайдалану арқылы жұмыс пен жарамдылық мерзімінің арасында тиімді деңгейді сақтаңыз.
• Күнделікті өмір мен пайдалану әдеттерінің негізінде жаңа әдеттегі істер ұсынылатын болады.
• Bixby Routines функциясы әдеттегі істі іске қосу алдындағы күйге қайтару үшін реттеуді қамтамасыз етеді.
• Интернетте веб‑беттерді толық шолып, жылдам аудару үшін күй мен навигация тақталарын жасыруға болады.
• Тым көп қалқымаларды немесе хабарландыруларды жіберетін веб‑сайттарды блоктау ұсынылады.
• “Файлдарым” бөлімінде “Файл таңдау” экранынан бұлттық диск файлдарын шолып таңдауға болады.
• Жадтағы бос орынды оңай босату үшін “Файлдарым” бөлімінде кэш файлдарын жоюға болады.
• Күнтізбедегі ай мен тізім көріністерінде бірдей басталу уақыты бар оқиғалар бірге көрсетіледі.
• Орналасқан жерін білу үшін Samsung DeX қызметінде телефон немесе планшет қолданбасы белгішесінің орналасуын пайдаланыңыз.

Мультимедиа мен құрылғыны оңай басқару
Хабарландырулардағы жақсартылған мультимедиа панелімен мультимедиа мен құрылғыны оңай басқаруға болады. Соңғы пайдаланылған мультимедиа қолданбаларын көріп, ойнату құрылғысын жылдам өзгертуге болады. Сондай-ақ, «Параметрлер» бөліміндегі «Қосымша мүмкіндіктер» мәзірінде Android Автокөлік параметрлерін тексеруге болады.

Цифрлық мүмкіндіктерді идентификациялау және жақсарту
Жақсартылған Сандық Ахуалы мүмкіндіктері телефоныңызды немесе планшетіңізді пайдалануды оңай тексеруге және жақсы цифрлық дағдыларды бейімдеуге көмектеседі. Жаңартылған апталық есептер арқылы көлік жүргізу кезінде пайдалануды тексеріп, функция бойынша экран уақытындағы апталық өзгерістерді көріңіз.

Бәріне арналған арнайы мүмкіндіктер
One UI 3.1 құралы пайдалануыңыз негізінде пайдалы арнайы мүмкіндіктерді ұсынады. Жақсартылған арнайы мүмкіндіктің жедел пернесі арнайы мүмкіндіктерді оңай іске қосып, пайдалануға мүмкіндік береді. TalkBack функциясы өшірілгенде түртудің дауыстық кері байланысын алу үшін “Пернетақтадан енгізуді дауыстап айту” мүмкіндігін пайдалануға болады.

Құпиялылықтың күштірек қорғанысы
Енді қолданбаның микрофоныңызға, камераңызға немесе орныңызға тек бір рет қатынасуына рұқсат беруге болады. Қолданба қандай да бір уақыт аралығында пайдаланбаған қандай да бір рұқсаттар автоматты түрде қайтарылады. Қолданбаларға әдеттегі рұқсат қалқымасында орныңызды әрқашан көру рұқсатын бұдан былай бере алмайсыз. Пайдаланылмағанда орныңызға қолданбаның қатынасуына рұқсат беру үшін, “Параметрлер” бөлімінде қолданбаға арналған орын рұқсатының бетіне өту қажет.

Күнтізбе
• Оқиға тақырыбынан күн мен мекенжайды бөлектеп, автоматты тіркеуді ұсыныңыз.
• Кесте хабарландырулары көрсетілген SmartThings құрылғыларынан хабарландыруларды алыңыз.
Камера
• Камера өнімділігі жақсартылды
Buds құрылғысын автоматты ауыстыру
• Buds құрылғысын Galaxy телефоны мен планшеті арасында автоматты ауыстыруды қолдау.
Еске салғыштар
• Еске салғыштың жазбасынан күн мен мекенжайды шығарып алып, автоматты түрде тіркелуді ұсыну, сондай-ақ жағдайға қатысты маңызды ақпаратты еске салу.
Парақты бөлісу
• Бұған дейін түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желіде бөлісу немесе жариялау алдында, олардың орын ақпаратын жою арқылы енді құпиялылығыңызды қорғауға болады.
Әлеуметтік платформа
• Бірдей тіркелген Samsung есептік жазбасымен құрылғыда жасалған жарамды сілтемелерді синхрондаңыз.
• Әлеуметтік желі қызметтерін пайдалану жеңілдетілді. Samsung есептік жазбаңызға кіру арқылы профильдерді, фотосуреттерді, ескертпелерді, кестелерді және тағы басқа заттарды достарыңызбен оңай бөлісуге болады.
Қосымша жақсартулар
• Сағатта уақыт пен дабыл шырылдағанда дыбысталатын дабылдың алдын ала орнатылған атауын естуге болады.

One UI 3.1 жаңартуынан кейін кейбір қолданбаларды бөлек жаңарту қажет болады.

Файлдарды басқа құрылғыларға жіберу үшін Wi-Fi Direct функциясын бұдан былай пайдалана алмайсыз. Оның орнына Nearby Share функциясын пайдалануға болады. Файлдарды бұрынғыша Wi-Fi Direct функциясы арқылы алуға болады.

Smart View функциясы арқылы Chromecast қызметіне бұдан былай қосыла алмайсыз. Оның орнына Google Home функциясын пайдалануға болады.

Құрастырылым нөмірі : T575XXS3AUC2
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2021-03-24
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-03-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU2AUA4
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2021-03-04
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-02-01
• Функциялардың жалпы тұрақтылығы жақсартылды.
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.

Құрастырылым нөмірі : T575XXU1ATK1
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2020-12-17
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-11-01
• Батарея режимі жоқ өнімділігі жақсартылды
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.