Бағдарламалық жасақтаманың жаңартуы келесілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді
Құрылғыңыздың мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін, құрылғыңызды әрдайым жаңартып отырыңыз және бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын үнемі тексеріп отырыңыз.
Galaxy Tab S5e (SM-T725)
Құрастырылым нөмірі : T725XXS3DWA1
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2023-01-19
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-11-01
· Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU2DVG3
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2022-08-10
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-07-01
• Құрылғыңыздың жалпы тұрақтылығы жақсарды.
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU2DVB2
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2022-03-25
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2022-02-01
• Келесі қолданбалар немесе мүмкіндіктер қосылды: Private Share
• Құрылғыңыздың жалпы тұрақтылығы жақсарды.
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU2DUJ1
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-10-26
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-09-01
• Келесі қолданбалардың немесе мүмкіндіктердің пайдалану ыңғайлылығы жақсарды: Көп терезе, Қырлы тақта
• Келесі қолданбалар немесе мүмкіндіктер қосылды: Зертх
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXS2DUH2
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-08-31
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-08-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU2DUD7
Android нұсқасы : R(Android 11)
Шығарылған күні : 2021-05-26
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-03-01
One UI 3.1 жаңартуы (Android 11)
One UI 3.1 құрылғысы маңызды нәрсеге көңіл бөлуге көмектесу үшін жасалған. Біздің визуалды редизайн алаңдататын факторларды азайту, маңызды ақпаратты бөлектеу және тәжірибеңізді біркелкі ету үшін, бастапқы экран және жылдам тақта сияқты жиі кіретін орындарды жақсарттық. Өнімділіктің жақсартулары батарея қуатын аз жұмсап, қолданбаларға жылдамырақ жұмыс істеуге көмектеседі. Сондай‑ақ, One UI 3.1 құрылғысы жаңа құпиялылықты басқару құралдары, бір реттік рұқсаттар мен жақсартылған Сандық Ахуалы функциясы арқылы басқару мүмкіндігін береді.
Өзгертулердің толық тізімін көру үшін төмен айналдырыңыз.
Визуалды дизайн
Біз One UI 3.1 құрылғысының сыртқы көрінісін көптеген әдіспен, үлкен және кіші, жаңа, көбірек сәйкестендірілген белгішелерден бастап, жылдам тақта мен хабарландырулардың жинақы ұйымдастырылуына дейін жаңарттық. Жалпы әрекеттестіктерге арналған жақсартылған анимациялармен және жанасу кері байланысымен қозғалыс бұрынғыдан да бірқалыпты және шынайы. Телефон, бүктелетін планшет немесе планшет сияқты кез келген құрылғыда жұмыс істеу ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін интерфейс әртүрлі экран өлшемдеріне икемделеді.
Жақсартылған өнімділік
Біз One UI 3.1 құрылғысын жақсартылған динамикалық жад үлестіруімен оңтайландырдық, сондықтан қолданбалар жылдамырақ және жақсырақ жұмыс істейді. Сондай‑ақ, өнімділік пен қуатты пайдалануды жақсарту үшін фондық әрекеттерді шектедік.
Үздік реттеу
• Динамикалық құлыптау экранына жаңа кескін санаттары қосылды және 5 санатқа дейін таңдауға болады.
• Пайдалану уақытын тексеру үшін құлыптау экранында виджетті қосуға болады.
• Тұсқағазды орнатқанда интерактивті алдын ала көру мүмкіндігін алыңыз.
• Қоңырау шалғанда немесе қабылдағанда, суретті немесе бейнені көру үшін қоңырау фонын қосыңыз.
• Samsung Интернет браузерінде жиекбелгілердің ретін өзгертіп құлыптауға болады.
• Жаңа белгішелер мен құлыптау экранының виджеттері әдеттегі істерді тауып, басқаруды жеңілдетеді.
• Сандық Ахуалы функциясын бөлек жеке және жұмыс профильдерімен пайдаланыңыз.
Жақсартылған мүмкіндіктер
Бастапқы экран және құлыптау экраны
• Бастапқы экрандағы қолданбаны түртіп тұру арқылы виджеттерді қосыңыз.
• Бастапқы немесе құлыптау экранындағы бос орынды екі рет түрту арқылы экранды өшіріңіз. (Оны Параметрлер > Қосымша мүмкіндіктер > Қозғалыстар мен қимылдар тармағында реттеңіз.)
• Құлыптау экранында күнтізбе, ауа арайы және музыка сияқты виджеттерді көру үшін сағат аймағын түртіңіз.
Қоңыраулар және чаттар
• Хабарландыру тақтасында сөйлесулерді бөлек көріңіз. Хабарлар және таңдаулы чат қолданбаларымен бірге жұмыс істейді.
• Контактілерде бірдей есептік жазбада сақталған қайталанатын контактілерді оңай жойыңыз. Жойылған контактілерге арналған сақтау мерзімі 15 күннен 30 күнге ұзартылды.
• Бір экраннан бірнеше байланысқан контактіні өңдеу мүмкіндігі қосылды.
• Хабарлар қолданбасына қоқыс себеті қосылған, сондықтан соңғы жойылған хабарлар 30 күн сақталады.
Суреттер және бейнелер
• Жақсартылған автоматты фокус пен автоматты экспозиция арқылы суреттерді жылдамырақ түсіріңіз.
• Галереядан суреттерді және бейнелерді оңайырақ көріңіз, өңдеңіз және бөлісіңіз.
• Галереяда суреттер мен бейнелерді жаңа іздеу мүмкіндіктері мен санаттары арқылы жылдамырақ табыңыз.
• Өңделген суреттер сақталса да, оларды өздерінің бастапқы нұсқаларына кез келген уақытта қайтарыңыз, сондықтан суреттерді ешқашан жоғалтпайсыз.
Параметрлер
• Параметрлерде жаңа қарапайымдырақ сыртқы көрінісі бар. Samsung есептік жазбаңыз жоғары жақта көрсетілген және бастапқы экранға енді кіру оңайырақ.
• Жаңа іздеу мүмкіндіктері арқылы қажетті параметрлерді оңайырақ табыңыз. Синонимдер мен жалпы емле қателерінің жақсырақ нәтижелерін алып, тиісті параметрлердің топтарын көру үшін тегтерді түртуге болады.
• Ең жиі пайдаланылатын мүмкіндіктерді ғана қамтамасыз ету үшін жылдам параметрлер түймелері кішірейтілді. Сондай‑ақ, реттелген жылдам тақтаңызды жасау үшін түймелерді қосуға болады.
Samsung пернетақтасы
• Енгізу тілдерінің саны 370‑ке деңйін арттырылды.
• Мәтін хабарларынан көшірмеленген кескіндер мен тексеру кодтарын қою жеңілдетілді.
Мәтінге негізделген смайликті енгізгенде эмодзи мен жапсырма ұсыныстары қосылды.
• Веб және электрондық пошта мекенжайларын енгізгенде, көбірек орынды жолақты қамтамасыз ету үшін пернетақта орналасуы жақсартылған.
• Жиі пайдаланылатын параметрлерге кіруді жеңілдету үшін пернетақта параметрлері өзгертілді.
Өнімділік
Қайталанатын және күрделі тапсырмаларды барынша азайту және оларды тиімді пайдалану арқылы жұмыс пен жарамдылық мерзімінің арасында тиімді деңгейді сақтаңыз.
• Күнделікті өмір мен пайдалану әдеттерінің негізінде жаңа әдеттегі істер ұсынылатын болады.
• Интернетте веб‑беттерді толық шолып, жылдам аудару үшін күй мен навигация тақталарын жасыруға болады.
• Тым көп қалқымаларды немесе хабарландыруларды жіберетін веб‑сайттарды блоктау ұсынылады.
• “Файлдарым” бөлімінде “Файл таңдау” экранынан бұлттық диск файлдарын шолып таңдауға болады.
• Жадтағы бос орынды оңай босату үшін “Файлдарым” бөлімінде кэш файлдарын жоюға болады.
• Күнтізбедегі ай мен тізім көріністерінде бірдей басталу уақыты бар оқиғалар бірге көрсетіледі.
• Орналасқан жерін білу үшін Samsung DeX қызметінде телефон немесе планшет қолданбасы белгішесінің орналасуын пайдаланыңыз.
• Телефондағы немесе планшеттегі шарлау тақтасынан сенсорлық тақтаны ашыңыз.
Мультимедиа мен құрылғыны оңай басқару
Хабарландырулардағы жақсартылған мультимедиа панелімен мультимедиа мен құрылғыны оңай басқаруға болады. Соңғы пайдаланылған мультимедиа қолданбаларын көріп, ойнату құрылғысын жылдам өзгертуге болады. Сондай-ақ, «Параметрлер» бөліміндегі «Қосымша мүмкіндіктер» мәзірінде Android Автокөлік параметрлерін тексеруге болады.
Цифрлық мүмкіндіктерді идентификациялау және жақсарту
Жақсартылған Сандық Ахуалы мүмкіндіктері телефоныңызды немесе планшетіңізді пайдалануды оңай тексеруге және жақсы цифрлық дағдыларды бейімдеуге көмектеседі. Жаңартылған апталық есептер арқылы көлік жүргізу кезінде пайдалануды тексеріп, функция бойынша экран уақытындағы апталық өзгерістерді көріңіз.
Бәріне арналған арнайы мүмкіндіктер
One UI 3.1 құралы пайдалануыңыз негізінде пайдалы арнайы мүмкіндіктерді ұсынады. Жақсартылған арнайы мүмкіндіктің жедел пернесі арнайы мүмкіндіктерді оңай іске қосып, пайдалануға мүмкіндік береді. TalkBack функциясы өшірілгенде түртудің дауыстық кері байланысын алу үшін “Пернетақтадан енгізуді дауыстап айту” мүмкіндігін пайдалануға болады.
Құпиялылықтың күштірек қорғанысы
Енді қолданбаның микрофоныңызға, камераңызға немесе орныңызға тек бір рет қатынасуына рұқсат беруге болады. Қолданба қандай да бір уақыт аралығында пайдаланбаған қандай да бір рұқсаттар автоматты түрде қайтарылады. Қолданбаларға әдеттегі рұқсат қалқымасында орныңызды әрқашан көру рұқсатын бұдан былай бере алмайсыз. Пайдаланылмағанда орныңызға қолданбаның қатынасуына рұқсат беру үшін, “Параметрлер” бөлімінде қолданбаға арналған орын рұқсатының бетіне өту қажет.
Күнтізбе
• Оқиға тақырыбынан күн мен мекенжайды бөлектеп, автоматты тіркеуді ұсыныңыз.
• Кесте хабарландырулары көрсетілген SmartThings құрылғыларынан хабарландыруларды алыңыз.
Камера
• Жарығы төмен жағдайда үлкейтілгенде, кескін сапасының жақсартуы сияқты Камера функциясы жаңартылды.
Көрсету
• Көзге жайлы қалқан функциясы қосылды.
• Экранның түс температурасы тәулік уақытына сәйкес автоматты түрде реттеледі.
Buds құрылғысын автоматты ауыстыру
• Buds құрылғысын Galaxy телефоны мен планшеті арасында автоматты ауыстыруды қолдау.
Еске салғыштар
• Еске салғыштың жазбасынан күн мен мекенжайды шығарып алып, автоматты түрде тіркелуді ұсыну, сондай-ақ жағдайға қатысты маңызды ақпаратты еске салу.
Samsung Free
• Контенттің сипаттамаларына сәйкес жақсартылған пайдаланушы интерфейсі мен өзгешеленген функцияларды қамтамасыз ету үшін Samsung Daily қызметі Samsung Free қызметіне өзгертілді.
Парақты бөлісу
• Бұған дейін түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желіде бөлісу немесе жариялау алдында, олардың орын ақпаратын жою арқылы енді құпиялылығыңызды қорғауға болады.
Әлеуметтік платформа
• Бірдей тіркелген Samsung есептік жазбасымен құрылғыда жасалған жарамды сілтемелерді синхрондаңыз.
• Әлеуметтік желі қызметтерін пайдалану жеңілдетілді. Samsung есептік жазбаңызға кіру арқылы профильдерді, фотосуреттерді, ескертпелерді, кестелерді және тағы басқа заттарды достарыңызбен оңай бөлісуге болады.
Қосымша жақсартулар
• Сағатта уақыт пен дабыл шырылдағанда дыбысталатын дабылдың алдын ала орнатылған атауын естуге болады.
One UI 3.1 жаңартуынан кейін кейбір қолданбаларды бөлек жаңарту қажет болады.
Қос хабаршы арқылы жасалған қолданбаның көшірмелері бұдан былай SD картасының файлдарына тікелей қатынаса алмайды. SD картасының файлдарын қолданба көшірмесінде бөлісу үшін, «Галерея» немесе «Файлдарым» бөлімінде файлдарды таңдап, «Бөлісу» түймесін түртіңіз, содан соң қолданба көшірмесін таңдаңыз.
Файлдарды басқа құрылғыларға жіберу үшін Wi-Fi Direct функциясын бұдан былай пайдалана алмайсыз. Оның орнына Nearby Share функциясын пайдалануға болады. Файлдарды бұрынғыша Wi-Fi Direct функциясы арқылы алуға болады.
Smart View функциясы арқылы Chromecast қызметіне бұдан былай қосыла алмайсыз. Оның орнына Google Home функциясын пайдалануға болады.
Құрастырылым нөмірі : T725XXS2CUA2
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2021-03-02
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2021-02-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1CTK1
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2020-12-07
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-11-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1CTI1
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2020-10-23
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-08-01
Samsung DeX
- Сымсыз DeX қосылымының қолдауы.
. Wi-Fi Direct аррқылы теледидарлармен сымсыз қосылым (Miracast жүйесімен үйлесімді).
* Жылдам тақта - DeX
. 2019 жылдан кейін шығарылған Samsung Smart TV теледидарларын пайдалану ұсынылады.
- Дисплейдің әртүрлі өлшемдерін реттеуге мүмкіндік беретін “Экранды масштабтау” және “Қаріп өлшемі” опцияларына қолдау көрсетіледі.
Wi-Fi
- Жақын маңдағы Wi-Fi маршрутизаторларында сапа туралы ақпаратты өлшеу мүмкін болса, осы ақпарат “Өте жылдам”, “Жылдам”, “Қалыпты” немесе “Баяу” ретінде көрсетіледі.
* “Желі сапасы турады ақпаратты көрсету” параметрлерінде осы мүмкіндіктерді қосуға немесе өшіруге болады.
- Wi-Fi маршрутизаторына құпия сөзбен кіріп көргенде, жақында қосылған мүмкіндік пайдаланушыға контактілер тізімінде сақталған және сол маршрутизаторына жалғанып қойылған жақын маңдағы қандай да бір пайдаланушыдан Wi-Fi маршрутизаторының құпия сөзін сұрауға мүмкіндік береді.
* Құпия сөзді сұрауға болатын кезде, “Құпиясөзді сұрау” т.ймесі Wi-Fi құпия сөзін енгізу экранында пайда болады.
Samsung пернет.
- Пайдаланушыға YouTube желісінде іздеуге мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндік пернетақта іздеу мүмкіндігіне қосылды.
- Бөлінген пернетақта альбомдық режимде қолдау көрсетіледі.
- Пайдаланушы қосуды немесе жоюды қалайтын пернетақтадан енгізу тілдерін оңай табу үшін “Пернетақта параметрлері” бетіндегі “Енгізу тілдерін басқару” экранының іздеу функциясы жаңадан қосылды.
Көп терезе
- Енді экранды 3 бөлікке бөлуге болады.
Келесі функциялар қосылды: Қырлы тақта
Келесі функциялар қосылды: Live Caption
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1BTG3
Android нұсқасы : Q(Android 10)
Шығарылған күні : 2020-07-31
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-06-01
Android 10 нұсқасына ие One UI 2 жаңартуы
One UI 2 жаңартуы өзіңіз сияқты пайдаланушылардың кері байланыстарына негізделген, Samsung және Google ұсынған тамаша жаңа мүмкіндіктерге ие Android 10 нұсқасын сіздің назарыңызға ұсынады.
Біз сізге жаңарту кезінде маңызды деректеріңізді қауіпсіз күйінде сақтау мақсатында оларды сақтық көшірмелеуге кеңес береміз.
Кейбір қолданбаларды, оның ішінде Калькулятор, Samsung Интернет және Samsung Notes, ОЖ жаңартылғаннан кейін жеке жаңарту қажет.
Мұнда жаңа функциялар мен қызметтер берілген.
Қараңғы режим
- Күндізгі және түнгі орталар үшін сурет, мәтін және түс баптаулары жақсартылды.
- Қараңғы режим қосулы кезде түсқағаздар, виджеттер және оятарлар қараңғы болады.
Белгішелер және түстер
- Анық қолданба белгішелері және жүйе түстері.
- Экрандағы босқа пайдаланылған орынды жою мақсатында атаулар мен түймелердің орналасулары жақсартылды.
Қызықтыратын анимациялар
- Қызық түртілетін жақсартылған анимациялар.
Толық экран қимылдары
- Жаңа шарлау қимылдары қосылды.
Жетілдірілген өзара әрекеттер
- Саусақты барынша аз қозғалту арқылы үлкен экрандарда ыңғайлы жолмен шарлаңыз.
- Анық ерекшеленген түймелердің көмегімен маңызды дүниелерге оңай назар аудара аласыз.
Арнайы мүмкіндіктер
- Үлкен мәтінге арналған жоғары контрастық пернетақталар мен орналасулар жақсартылды.
- Жанды сөйлеуді тыңдаңыз және оны мәтін түрінде көрсетіңіз.
Түсқағаздардың бетіндегі үздік мәтін
- Түсқағаздың фонында мәтінді анық етіп қарай аласыз, себебі One UI төмендегі суреттегі жарық және қараңғы тұстардың және түс контрастының негізінде қаріп түстерін реттейді.
Мультимедиа және құрылғылар
- SmartThings тақтасы “Мультимедиа және құрылғылар” тақтасымен ауыстырылды.
- Медиа: Планшетте, сондай-ақ басқа құрылғыларда музыка мен бейнелерді ойнатуды басқарыңыз.
- Құрылғылар: SmartThings құрылғыларыңызды тікелей жылдам тақтадан тексеріңіз және басқарыңыз.
Құрылғы күтімі
- Батарея қуатын пайдалану кестесінде енді толығырақ ақпарат беріледі.
Сандық ахуалы
- Планшеттің пайдаланылуын бақылауды ұстау үшін мақсаттарды орнатыңыз.
- Планшеттен назарды алмауға көмектесу үшін Focus mode параметрін пайдаланыңыз.
- Жаңа ата-аналық басқару элементтерінің көмегімен балаларыңыздың әрекеттерін қадағалап отырыңыз.
Камера
- Экранның төменгі жағында пайда болатын режимдерді өңдеу мүмкіндігі қосылды.
- Жасырылған режимдерге алдын ала қарау экранынан жылдам қатынаса алуыңыз үшін “Қосымша” қойындысы қамтамасыз етілді.
- Кедергі келтіретін параметрлерсіз бар назарыңызды суреттерді түсіруге аудара алуыңыз үшін орналасу жақсартылды.
Интернет
- Жиі пайдаланатын функцияларыңызға лезде қатынасу үшін тез қатынау мәзірін баптаңыз.
- Қолданба панелінен қосымша ақпарат алыңыз.
- Бұдан да көбірек мүмкіндіктерді алу үшін, Galaxy Store дүкенінен қондырмаларды орнатыңыз.
Samsung Контактілер
- Контактілер үшін “Қоқыс себеті” функциясы қосылды. Жойылған контактілер біржолата жойылғанға дейін Қоқыс себетінің ішінде 15 күн бойы тұрады.
Күнтізбе
- Жапсырмаларды іс-шараны жасамай-ақ күнге қосуға болады.
- Рингтондарды іс-шара жайлы ескертулер үшін пайдалануға болады.
Еске салғыштар
- Қайталанатын еске салғыштар үшін қосымша опциялар қолжетімді.
- Орынға негізделген еске салғыштарды белгілі бір уақыт аралығына орнатыңыз.
- Еске салғыштарды отбасылық топпен және басқа да ортақ топтармен бөлісіңіз.
- Еске салғыштарды нақты бір күнге ескертусіз орнатыңыз.
Менің файлдарым
- Бірдеңені қателесіп жойған жағдайда, файлдарды қалпына келтіре алуыңыз үшін “Қоқыс себеті” функциясы жасалды.
- Іздеу кезінде заттарды жылдам табуға көмектесуі үшін пайдалануыңызға болатын қосымша сүзгілер қосылды.
- Енді бірнеше файл мен қалтаны әртүрлі белгіленген орындарға бір уақытта көшіруге немесе жылжытуға болады.
Калькулятор
- Өлшем бірлікті түрлендіргішке жылдамдық және уақыт өлшем бірліктері қосылды.
Samsung пернет.
- Көп тілдік аударма мүмкіндігі қосылды.
- Жапсырмаларды іс-шараны жасамай-ақ күнге қосуға болады.
- Мәтінді жою/қайта жасау мүмкіндігі қосылды.
- Енді Spotify қызметінде музыканы тікелей пернетақтадан іздей аласыз.
- Samsung Pass қолданбасын ашатын белгіше қосылды.
Жылдам бөлісу
- Енді файлдарды жақын жердегі Samsung құрылғыларымен “Жылдам бөлісу” қызметі арқылы жылдам әрі оңай бөлісуге болады.
Music Share
- Music Share қызметі енді сізге музыканы достарыңызбен Bluetooth аудио құрылғысы арқылы бөлісуге мүмкіндік береді.
Samsung Daily
- Bixby Виджеттері Samsung Daily қолданбасымен ауыстырылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1ATE3
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2020-06-01
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-04-01
• Функциялардың жалпы тұрақтылығы жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXS1ATC5
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2020-04-28
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-04-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXS1ATA1
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2020-01-29
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2020-01-01
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1ASJ3
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2019-11-15
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2019-10-01
· Альбомдық режимі қосылды. : SmartThings
· Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1ASH1
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2019-09-05
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2019-08-01
· Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.
Құрастырылым нөмірі : T725XXU1ASE8
Android нұсқасы : Pie(Android 9)
Шығарылған күні : 2019-05-27
Қауіпсіздік қатесін түзету деңгейі : 2019-04-01
· Камераның тұрақтылығы жақсартылды
· Құрылғыңыздың қауіпсіздігі жақсартылды.